Еңбегі адал жас өрен жобасы аясында: «Ұлы дала перзентімін» тақырыбында өткен сынып сағатының
Біртұтас тәрбие бағдарамасын іскеру асыру жоспары бойынша «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында: «Ұлы дала перзентімін» тақырыбында 1-11 сыныптарда сынып сағаты өтті. Жер бетінде көптеген әдемі жерлер бар. «Барған жерің керемет болса, үйде болған жақсы» деген мақал бекер айтылмаған. Сіз бен біздің ортақ үйіміз – біздің кең дала. «Мен -ұлы дала перзентемін»(«Еңбегі адал жас өрен» жобасы) сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Отансүйгіштікке, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Расында, біздің шағын Отанымыз – кең дала. Шетсіз, шексіз дала. Ол намысшыл, қайсар, азаттықты сүйетін жандардың бір емес бірнеше ұрпағын тәрбиелеп өсірді, бұл кісілер: «Мен ұлы дала перзентімін!» деп орынды айта алады. Мен Ұлы даламды мақтан етемін. Оның болашақта өсіп–өркендеуі үшін мен де өз үлесімді қосамын. Мен - ұлы дала перзентімін деп оқушылар мақтаныш сезіммен пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.1-4 сыныптарда видеоролик көрсетілді. Тақырыпқа сай оқушылар постер қорғап жұмыстарын қорғады. 5-11 сыныптар «Ұлы дала тарихы» видеоролигін тамашалап, алған әсерлерімен бөлісті.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Ошакбаева