Мұғалім мәртебесі- мемлекет бейнесі » Жамбыл атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Қаратал ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(7283) 42-81-85
bookkeeping:
+7(7283) 42-81-85
Version for
visually impaired
» » » Мұғалім мәртебесі- мемлекет бейнесі
05
October
2023

Мұғалім мәртебесі- мемлекет бейнесі

Мұғалім мәртебесі-  мемлекет бейнесі

    Ғаламтану заманында, әсіресе білім беру жүйесінде,  өзгерістер мен жаңарулар дәуірінде мұғалім алдында тұрған мақсат- міндеттердің салмағы орасан екенін білеміз.    Ең алдымен, мұғалім- ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл тұлға. Осындай ізденімпаздықпен  жұмыс атқарып жүрген  ұстаздарға үкімет тарапынан да  өте көп қолдау жасалуда. Мәселен, мұғалім  мәртебесін арттыру, білім саласы қызметкерлерінің жұмысын жүйелеп, білім беру саласын дамытуға бағытталған игі істер т.б Солардың бастысы- « Педагог мәртебесі» Заң күшіне енді. The presidentтің тапсырмасымен кейінгі төрт жылда мұғалімнің жалақысы жыл сайын 25% -ға артып , төрт жылда екі есе өсті. Бұған қоса, педагогтердің біліктілік санаты үшін де қосымша ақы төленді.  Педагог- зерттеуші санатындағыларға лауазымдық жалақыдан 40 %  қосымша ақы белгіленген.
Алаш ардақтысы Мағжан Жұмабаев « Алты алаштың басы қосылса, төрдегі орын мұғалімдікі» деп аса құрмет тұтқан мұраты биік мұғалім мәртебесінің заңмен бекітілгені бұл сала мамандарының қоғамдағы орнын айшықтап берді.
Түптеп келгенде , барлық қабылданған шара, енгізілген оң өзгерістер білім берудің қай сатысында еңбек етіп жүргеніне қарамастан, педагогтің жан- жақты мәртебесін көтеруге бағытталған. Қабылданған заң аясында ұстаздардың құқықтары кеңейіп, өзіне тән емес жұмыстан босап, жүктемесі азайды. Бүгінде мерейі үстем мамандық иелерінің  құрметі артты.
Қай мемлекет ұстаздарына қатысты қандай саясат ұстанса, мемлекеттің де беделі соған сай қалыптасады. Сондықтан, ең бастысы, Қазақ елінде мұғалімді қадірлеуге  байланысты тамаша дәстүр бар. « Бір әріп үйреткенге қырық жыл сәлем бер» деген қазақтың сөзі ұстазға деген ұлы сыйластық, құрмет деп білем!
  Қаратал ауданы Тастөбе ауылы Жамбыл атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
педагог- зерттеуші   Агыбаева Зауре Шынтайқызы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив