09
февраль
2023
Мұқағали Мақатаевтың туған күні
Жамбыл атындағы орта мектебінде 9-ақпан Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналғын 8-сынып оқушыларымен әдеби кеш ұйымдастырылып өткізілді. Мектеп кітапханашысы С.Жусыпбаева ақынның өмірінен ерекше есте қаларлық деректер ұсына отырып, викториналық сұрақтар дайындаған. Ал сынып жетекшісі К.Кунай ақынның "Туған күн" өлеңін оқи отырып, ақынның өміріндегі ерекше сәттермен бөлісті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К.Төлеу оқушыларға "Аққулар ұйықтағанда" поэмасынан үзінді оқытып, өз ойымен бөлісті.