1-қырқүйек Білім күні!!! » Жамбыл атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Қаратал ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 42-81-85
Есепші бөлімі:
+7(7283) 42-81-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-қырқүйек Білім күні!!!
01
сентябрь
2022

1-қырқүйек Білім күні!!!

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар және ата-аналар!
 Сіздерді дәстүрлі Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталу мерекесімен құттықтаймын.

1 қыркүйек – әр адамның көкейінде жақсы естелік қалдыратын, жарқын да, жылы сезімдерге толы ерекше күн. Бұл күн әрбір өркениетті адам үшін жаңа білім, жаңа табыс, жаңа жетістіктерге жету бастамасы. Бұл күн 

мектеп табалдырығын тұңғыш аттайтын балалардың жүрегінде  мәңгіге сақталады. Бүлдіршіндер үшін бұл сәулелі сәт қана емес, сонымен қатар жарқын болашағына жасайтын маңызды қадам да. Сондықтан, олардың білім шаңырағындағы әр сағаты қызықты сабақтармен, таңғажайып жаңалықтарымен ұштассын! 

Құрметті қауым! Бүгін тарыдай болып 1-ші сыныпқа оқушы атанып, мектеп табалдырығын аттауға 18 бүлдіршініміз келіп отыр. 

Қымбатты 1 сынып оқушылары!  Сендер мектепте қызыққа толы өмір кешесіңдер, жан-жақты білім аласыңдар, көп достар табасыңдар. Алғашқы қадамдарың құтты болсын. Мектепті тек қана жақсы және үздік  оқуларыңды тілеймін. 

Құрметті ұстаздар!
 
Үздіксіз білім алып, кәсіби деңгейімізді дамытып отыру, заманның ағымына сай құбылыс. Осы орайда, өз мамандығын сүйіспеншілікпен атқарып жүрген барша әріптестеріме жаңа оқу жылында сәттілік тілеймін, тәжірибелеріңіз шыңдалып, білім саласында өз қолтаңбаларыңызды қалдырып, шәкірттеріңізбен бірге білім көкжиегінде  шарықтай беріңіздер. Әрбір оқушымызға үлкен сенім білдіре отырып, жаңа оқу жылында толағай жетістіктерге жетіп, білімнің биік шыңын бағындыра берулеріңізге тілектеспін.
 
Құрметті ата-аналар!
 
Білім саласында болып жатқан жахандандыру үрдісіне Сіздердің қатысуларыңыз ерекше маңыздылыққа ие болып тұр. Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде Сіздердің қолдауларыңыз, әрдайым назарларыңыз, оқу –тәрбие үрдісіне қатысуларыңыз маңызды. Мына білім бәсекесі заманында бірлескен енбегіміз балаларымызды білім шыңына жетелесін.

Ал оқушыларымызға осы тамаша заманның керемет мүмкіндіктерін пайдаланып, ілім-білім жинауға қашанда асығып, Озық ойлы, өрісі кең, өрелі азамат болуға әркез ұмтылсын!

Жаңа оқу жылы толағай табыстарға жаңалықтарға толы болсын!




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив