ТӘРБИЕ ІСІ - ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ - Жамбыл атындағы орта мектеп https://zhambyl-karatal.mektebi.kz/ ru ТӘРБИЕ ІСІ - ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ - Жамбыл атындағы орта мектеп DataLife Engine «Мемлекеттік Гимнді» бірыңғай орындау туралы https://zhambyl-karatal.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/trbie-s-zhnndeg-orynbasary/165-memlekettk-gimnd-bryaj-oryndau-turaly.html https://zhambyl-karatal.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/trbie-s-zhnndeg-orynbasary/165-memlekettk-gimnd-bryaj-oryndau-turaly.html


]]>
Жамбыл атындағы орта  мектебі бойынша тоғыз айға тоғыз іс-шара жобасы аясында. Мектебімізде 25 қазан Республика күніне орай қазан айының 23-күні Мемлекеттік Гимнді 1-11 сыныптар аралығында бірыңғай орындалуы өтіп әлеуметтік желіге жүктелді.


Іс-шара мақсаты: Ұлттық рух беретін гимнді қастерлеп, қадірлеуге, мақтан тұтуға баулу.

]]>
admin Wed, 15 Nov 2023 09:39:03 +0600
2023-2024 оқу жылындағы құқық апталығы іс-шаралардың https://zhambyl-karatal.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/trbie-s-zhnndeg-orynbasary/171-2023-2024-ou-zhylynday-y-aptalyy-s-sharalardy.html https://zhambyl-karatal.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/trbie-s-zhnndeg-orynbasary/171-2023-2024-ou-zhylynday-y-aptalyy-s-sharalardy.html

]]>
Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру барысында мектебімізде аталған мерзім аралығында құқық апталығы өтті. Апталық бойынша іс-шаралар жоспары құрылып, бектілген.            

 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет.

Мақсаты: балаларды олардың құқықтары туралы конвенцияда бекітілген құқықтары мен міндеттерімен таныстыру, олардың құқықтары үшін жауапкершілікті сезінуге ықпал ету.

02.10.2023 жылы 1-11-сыныптар арасында апталықтың ашуына арналған саптық жиын және сынып сағаттары өтті. Педагог-ұйымдастырушы Д.Омарова және өзін-өзі басқару ұйымы мектеп парламентімен «Әлеуметтік желідегі құқықтық журнал» тақырыбында ағарту сағаты өтілді. мақсаты оқушыларға әлеуметтік желідегі сауаттылық және құқық туралы ақпараттандыру. 04.10.2023 жылы бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Құқықтық сауаттылық» тақырыбында сөз жұмбақ жасыру ойындары өтті. 5-7-сынып жетекшілері М.Сагаева және М.Омарованың ұйымдастыруымен «Құқық әліппесі» тақырыбында викториналық сайыс өтті]]>
admin Wed, 08 Nov 2023 09:51:57 +0600
Демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру https://zhambyl-karatal.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/trbie-s-zhnndeg-orynbasary/167-demalys-keznde-oushylardy-bos-uaytyn-jymdastyru.html https://zhambyl-karatal.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/trbie-s-zhnndeg-orynbasary/167-demalys-keznde-oushylardy-bos-uaytyn-jymdastyru.html


]]>
Жамбыл атындағы  орта мектебі Күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді.


   Мектепте   1 - 4 сынып оқушылары арасында «Ең үздік оқырман» күзгі демалысын дұрыс ұйымдастыру мақсатында кітап оқу сайысы ұйымдастырылды. Кітапханашы С.Жусыпбаева өткізді. 3,4 сынып оқушылары мәнерлеп оқу бойынша марапатталса, 1-2 сынып оқушылар оқыған кітаптарынан түсінгендерін  айтып берді.

https://www.instagram.com/p/CzIgBdJtIxZ/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==


Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары   З.Ошакбаева


]]>
admin Thu, 02 Nov 2023 09:42:37 +0600
Еңбегі адал жас өрен жобасы аясында: «Ұлы дала перзентімін» тақырыбында өткен сынып сағатының https://zhambyl-karatal.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/trbie-s-zhnndeg-orynbasary/170-ebeg-adal-zhas-ren-zhobasy-ajasynda-ly-dala-perzentmn-tayrybynda-tken-synyp-saatyny.html https://zhambyl-karatal.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/trbie-s-zhnndeg-orynbasary/170-ebeg-adal-zhas-ren-zhobasy-ajasynda-ly-dala-perzentmn-tayrybynda-tken-synyp-saatyny.html ]]> Біртұтас тәрбие бағдарамасын іскеру асыру жоспары бойынша «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында: «Ұлы дала перзентімін» тақырыбында 1-11 сыныптарда сынып сағаты өтті. Жер бетінде көптеген әдемі жерлер бар. «Барған жерің керемет болса, үйде болған жақсы» деген мақал бекер айтылмаған. Сіз бен біздің ортақ үйіміз – біздің кең дала. «Мен -ұлы дала перзентемін»(«Еңбегі адал жас өрен» жобасы) сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Отансүйгіштікке, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Расында, біздің шағын Отанымыз – кең дала. Шетсіз, шексіз  дала. Ол намысшыл, қайсар, азаттықты сүйетін жандардың бір емес бірнеше ұрпағын тәрбиелеп өсірді, бұл кісілер: «Мен ұлы дала перзентімін!» деп орынды айта алады. Мен Ұлы даламды мақтан етемін. Оның болашақта өсіп–өркендеуі үшін мен де өз үлесімді қосамын. Мен - ұлы дала перзентімін деп оқушылар мақтаныш сезіммен пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.1-4 сыныптарда видеоролик көрсетілді. Тақырыпқа сай оқушылар постер қорғап жұмыстарын қорғады. 5-11 сыныптар «Ұлы дала тарихы» видеоролигін тамашалап, алған әсерлерімен бөлісті.


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары   З.Ошакбаева

]]>
admin Wed, 25 Oct 2023 09:47:37 +0600
«Дублер күні» https://zhambyl-karatal.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/trbie-s-zhnndeg-orynbasary/166-dubler-kn.html https://zhambyl-karatal.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/trbie-s-zhnndeg-orynbasary/166-dubler-kn.html


]]>
Халықаралық ұстаздар күні 1994 жылы ЮНЕСКО және Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру бөлімімен белгілеген. Ұстаздар күні халықаралық мерекеге жатады (яғни, барлық елдерге аталу ұсынылады) және 5 қазанда атап өтіледі. 1966 жылы дәл осы күні «Ұстаздардың мәртебесі туралы» халықаралық ұсыныс қабылданғандықтан, 5 қазан таңдалған. Осы орайда біздің де елімізде биылғы жылдан бастап Ұстаздар мерекесі осы құжат негізінде 5-қазан күні атап өтіледі. 

           Мектебімізде мереке күніне орай «Дублер күні» ұйымдастырылды. 4 қазан күні мектептің өзін-өзі басқару ұйымы Мектеп парламентінің мүшелері дублер күніне дайындық өткізіп, фракциялар өз міндеттерімен таныстырылды. 5 қазан күні ұстаздарды мерекелік құттықтаумен мектеп дәлізінде күтіп алып, жоспарланға іс-шаралар бойынша дублер күні өтті]]>
admin Fri, 06 Oct 2023 09:41:48 +0600
Біртұтас тәрбие бағдарламасы https://zhambyl-karatal.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/trbie-s-zhnndeg-orynbasary/163-brttas-trbie-badarlamasy.html https://zhambyl-karatal.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/trbie-s-zhnndeg-orynbasary/163-brttas-trbie-badarlamasy.html ]]> Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір – қасиет, ар – намас, адалдық, патриотизм, жауапкершілік,әдептілік, мейрімділік, сүйіспеншілік, үлкен ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеумаңызды. Міне, сондықтан Ұлттық құрылтайдың ортасында Мекмлекет басшысы білім беру саласына қатысты бірқатар негізгі міндеттерге тоқталған болатын. « Ұлттық тәрбие – ел болашағы » тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздері енгізіліп жатыр. Жаңа оқу жылынан бастап 

2023 -2025 жылдарға арналған  Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылуда. Бұл құжат жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелен ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған. 

  Қазіргі әлемге жылдам өзгерістер, жаһандық тұрақсыздық, әртүрлі сын – қатерлер тән. Бұл ақпарат кеңістігінде еркін таралып, әлеуметтік желілер арқылыбалалардың санасын жаулауда. Интернет кеңістігі баланың тәрбиесі мен мінез – құлқына, әдебіне әсер етіп, түрлі субмәдениеттердің белгілі бірбасымдыққа ие болуына әкеп соқты. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіҰлттық статистика бюросы жариялаған мәліметтерге назар аударсақ, кәмелеткетолмағандар арасында ұрлықтың, зорлау және зорлауға оқталу фактілерінің артып келе жатқандығын байқауға болады. Аталған проблемалардың туындауына ықпал ететін көптеген себептер мен салдарлар бар. Мысалы, Интернеттің ашықтығы, кез келген ақпараттың жылдам таралуы, бала қарайтын видео контенттердің фильтрлерден өткізілмеуі, ата – аналардың жұмыс пен огтбасылық өмір арасындағы үйлесімділік пен тепе – теңдікті сақтамауы бала тәрбиесіндегі жүргенсіздіктің орын алшуына ықпал етті. Осындай сын - қатерлерді түбірімен жою мүмкін емес, дегенмен оған тосқауыл болу қажет. Сол себепті ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, ұлттық мүддені жоғары қоятын, өзінің туған, жерін, Отаның қадірлейтін және оның әрі қарай дамуына серпін беретін, терең білімді, озық ойлы, адал және ұлттықболмысы айқын тұлға тәрбиелеу мәселесі өзекті.

  Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Адам жанын игілікпен, ізгілікпен қуаттандырып, адами құнды қасиеттерменқанаттандырады. Ал, қазіргі уақыт – өзгермелі әлемдегі жасампаз ұрпақтың дәуірі. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Ұлағатты ұрпақ ұлттың сапасын құрайды. Ал ар-ұят, намыс, адалдық, отаншылдық, жауапкершілік, әдептілік пен инабаттылық, мейрімділік пен бауырмалдық, отпасына сүйіспеншілік, үлкенге құрмет, кішіге ізетті болу қасиеттері берік қалыптасқан жасампаз азаматты тәрбиелеу маңызды. Еліміздің өркендеп дамуы үшін халқын сүйетін, мемлекет мүддесін жоғары ұстайтын, білімді де адал ұрпақ тәрбиелеу аса өзекті мәселелердің бірі ретінде үнемі назарда ұстауды қажет етеді. 

  Аталған мәселелерді шешуде тәрбие мазмұнынайқындау «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» ( бұдан әрі – Бағдарлама ) әзірлеудің өзектілігіне негіз болды. Бағдарламада ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, ел бірегейлігін нығайтуға, әділеттіқоғам құруға қабілетті білімді, адал ұрпқты тәрбиелеуді көздейді.

Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері:

    Тәрбие мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардыбойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттікпарызын өтеуге тәрбиелеу.
  2. Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін,  мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.
  3.  Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейрімділік, қамқорлық пен әділдік қасиет терен жоғары ұстауға баулужәне құқықтық мәдениетің қалыптастыру.
  4.  Денсаулықты қадірлнуге, саплауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығы және эмоцианалдытұрақтылыққа баулу.
  5.  Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімдіқолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.

Күтілетін нәтиже:

  1. Ата- анасын сыйлайдыперзенттің парызын тың түсінеді, жеті ата тектілік ұғымдарының маңызын бағалайды, отбасытатулығы мен берекесін қадірлейді.
  2.  Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл,халқына адал қызмет етуді,елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышты деп санайды және ұлттық мемлекетті құрметтейді, салт-дәстүрлерді біледі, оны сақтайды.
  3. Әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді , сөзіне берік , ісіне адал,кішіге ізет,үлкенге құрметкөрсетеді,ар-ұятты бағалайды.
  4. Жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді.
  5. Тұратын үйін,ауласын,қаласын таза ұстайды,қоғамдық орынға және шағын ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оның бірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды.


Сынып сағаттары: «Ар-ұят және жауапкершілік», «Біздің қоғамдағы әділеттілік», «Іс-әрекеттегі мейірімділік», «Мейірімділік құндылығы», «Күнделікті өмірдегі адалдық», «Отаншылдық және оның мәні», «Біздің қоғамдағы азаматтық жауапкершілігіміз», «Еңбекқорлық және оның табысқа әсері», «Денсаулық және дұрыс тамақтану мәдениеті», «Зиянды әдеттер және олардың денсаулыққа әсері», «Құқықтық мәдениет және оның маңызы», «Қазіргі әлемдегі цифырлық сауаттылық». 

Әлеуметтік тәжірбиелер,жобалар: «Еңбегі адал жас өрен», «Жеткіншектің жеті жарғысы» , «Балалар кітапханасы», «Ұлттық мектеп лигасы», «Қайырымдылық», «Қарияға қол ұшын соз», «Таза аула» , «Жасыл мектеп», Экологиялық мониторинг», «Мектептегі энергияны үнемдей», «Судың да сұрауы бар», «Қол өнер шеберханасы», «Мектеп қабырғасындағы бизнес», «Тарихқа құрмет», «Менің отбасымның өмірлік жолы».


https://www.instagram.com/p/Cw8AuTxNLDa/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==


                 Директордың тәрбие ісі жөнінднгі орынбасары  З.Ошакбаева

]]>
admin Wed, 04 Oct 2023 09:36:41 +0600
Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жылдығы https://zhambyl-karatal.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/trbie-s-zhnndeg-orynbasary/160-kemel-toaevty-tuanyna-100-zhyldyy.html https://zhambyl-karatal.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/trbie-s-zhnndeg-orynbasary/160-kemel-toaevty-tuanyna-100-zhyldyy.html

]]>
Мақсаты: оқушыларға детектив жанрының көшбасшысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Кемел Тоқаев туралы жан-жақты түсінік  қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі туралы түсінік беру. 

Біртұтас тәрбие бағдарамасын іскеру асыру жоспары бойынша мектебімізде 2023 жылдың 2 қазан күні қазақ жазушысы, редакторы, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жылдығына орай 

 5-9 сынып оқушыларымен «Ұлы есім К. Тоқаев» танымдық сабақ ұйымдастырылды. 




Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары   З.Ошакбаева ]]>
admin Mon, 02 Oct 2023 09:31:12 +0600
Мектеп парламентінің сайлау туралы https://zhambyl-karatal.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/trbie-s-zhnndeg-orynbasary/172-mektep-parlamentn-sajlau-turaly.html https://zhambyl-karatal.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/trbie-s-zhnndeg-orynbasary/172-mektep-parlamentn-sajlau-turaly.html ]]>         Жамбыл атындағы орта мектебінде 27. 09.2023 күні мектепте өзін – өзі басқару ұйымының Президентінің сайлауы өтті. Сайлауға 8-9 сынып оқушылары арасынан 3 оқушы үміткер болып, өз бақтарын сынады. Олар: 10 сынып оқушысы Нурланбек Орал, 9 -сынып оқушысы Иманбекқызы Нағима, 10-сынып оқушысы Мұратқабыл Ұлыс. Үміткерлер өз бағдарламаларын мектептің инстаграмм парақшасына жариялады және сыныптарды аралап бағдарламаларымен таныстырды. 5-9 сынып оқушылары арасында өз дауыстарын берді. Сонымен қатар мектеп ұстаздары да өз таңдауларын жасады. 16.00-де дауыс беру аяқталып, комиссия мүшелері дауыстарды санады. Дауыс беру қорытындысы бойыншаНурланбек Орал 50 дауыс,  Мұратқабыл Ұлыс 25 дауыс, Сериков Амир  15 дауыс жинады. Қорытынды мектептің инстаграмм парақшасында жарияланды.

]]>
admin Fri, 29 Sep 2023 09:49:59 +0600
Тәрбие сағатына ойындар топтамасы https://zhambyl-karatal.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/trbie-s-zhnndeg-orynbasary/150-trbie-saatyna-ojyndar-toptamasy.html https://zhambyl-karatal.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/trbie-s-zhnndeg-orynbasary/150-trbie-saatyna-ojyndar-toptamasy.html ]]> ]]> admin Thu, 28 Sep 2023 08:47:59 +0600 "Адал азамат – әділетті Қазақстан"сынып сағаттары https://zhambyl-karatal.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/trbie-s-zhnndeg-orynbasary/161-adal-azamat-dlett-azastansynyp-saattary.html https://zhambyl-karatal.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/trbie-s-zhnndeg-orynbasary/161-adal-azamat-dlett-azastansynyp-saattary.html
]]>
Біртұтас тәрбие бағдарамасын іскеру асыру жоспары бойынша мектебімізде 2023 жылдың 25 қыркүйек күні Еңбегі адал жас өрен жобасы аясында: "Адал азамат – әділетті  Қазақстан" тақырыбында 1-7 сыныптарда сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттар басты мақсаты оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру; танымдық қызығушылықты дамыту, мемлекет мүдделері саласындағы ой-өрісті кеңейту; балаларды бір-біріне көмектесуге, адал болуға, өзара қарым-қатынасты құрметтеуге және бағалауға үйрету; оқушыларды Қазақстанда тұратын халықтардың мәдениеттеріне, тарихи өткеніне және мұрасына деген сүйіспеншілікке, құрметке, төзімділікке тәрбиелеу. 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Ошакбаева


]]>
admin Mon, 25 Sep 2023 09:32:57 +0600