«Мектебім – мейірім мекені» » Жамбыл атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Қаратал ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 42-81-85
Есепші бөлімі:
+7(7283) 42-81-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2023

«Мектебім – мейірім мекені»

2023-2024 оқу жылының әдістемелік нұсқаулық хатын жәнеде «Мектебім – мейірім мекені»  Білім күнінің салтанатты жиынын өткізу тұжырымдамасын негізге ала отырып 2023 жылдың 1 қыркүйек  күні  Білім күніне орай салтанатты саптүзеу өткізілді. Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында білімнің басымдылығы мен маңыздылығын және жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру.

Салтаннаты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимннің орындалуымен ашылды. Мереке білім өміріне қадам басқан бірінші сынып бүлдіршіндерін мектеп директоры Артыкбаева Назира Канабекқызы   құттықтау сөзімен жалғасын тапты. Бірінші сынып оқушылары мектеп және білім туралы өлең жолдарын айтты, сонын жалғасында  «Мен мектепке барамын» әндерін орындады. Бұл мереке оқушыларға қуаныш, шабыт сыйлады. Оқушылар жаңа оқу жылына дайын екендігін жасырмады.

Сонымен қатар  мектепте жиыннан кейін 1-11 сыныптарда  «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.  Бірыңғай сынып сағатының мақсаты: білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау. Міндеттері оқушыларға құндылықтар жөнінде жалпы ақпарат беру; құндылықтардың адам өміріндегі рөлін талқылау; отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту; сыныптың жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру. Сынып сағаттарының мазмұны білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жүргізілді. Бірыңғай сынып сағатын өткізу кезінде балалардың жазғы демалыстан алған әсерлерін, сондай-ақ жаңа оқу жылынан күтулерін талқылаумен басталып заманауи интерактивті технологияларды, қосымша көрнекі құралдарды қолданып, виртуалды - мұражай, кітапхана ресурстарын пайдалана отырып сынып жетекшілер  Қазақстан Республикасының Мемлекттік рәміздерін құрметтеуге бағытталған, Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы бейнежазбалар, презентациялар әзірлеп, оқушыларға көрсетті. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив