Біртұтас тәрбие бағдарламасы » Жамбыл атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Қаратал ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 42-81-85
Есепші бөлімі:
+7(7283) 42-81-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
октябрь
2023

Біртұтас тәрбие бағдарламасы

Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір – қасиет, ар – намас, адалдық, патриотизм, жауапкершілік,әдептілік, мейрімділік, сүйіспеншілік, үлкен ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеумаңызды. Міне, сондықтан Ұлттық құрылтайдың ортасында Мекмлекет басшысы білім беру саласына қатысты бірқатар негізгі міндеттерге тоқталған болатын. « Ұлттық тәрбие – ел болашағы » тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздері енгізіліп жатыр. Жаңа оқу жылынан бастап 

2023 -2025 жылдарға арналған  Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылуда. Бұл құжат жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелен ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған. 

  Қазіргі әлемге жылдам өзгерістер, жаһандық тұрақсыздық, әртүрлі сын – қатерлер тән. Бұл ақпарат кеңістігінде еркін таралып, әлеуметтік желілер арқылыбалалардың санасын жаулауда. Интернет кеңістігі баланың тәрбиесі мен мінез – құлқына, әдебіне әсер етіп, түрлі субмәдениеттердің белгілі бірбасымдыққа ие болуына әкеп соқты. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіҰлттық статистика бюросы жариялаған мәліметтерге назар аударсақ, кәмелеткетолмағандар арасында ұрлықтың, зорлау және зорлауға оқталу фактілерінің артып келе жатқандығын байқауға болады. Аталған проблемалардың туындауына ықпал ететін көптеген себептер мен салдарлар бар. Мысалы, Интернеттің ашықтығы, кез келген ақпараттың жылдам таралуы, бала қарайтын видео контенттердің фильтрлерден өткізілмеуі, ата – аналардың жұмыс пен огтбасылық өмір арасындағы үйлесімділік пен тепе – теңдікті сақтамауы бала тәрбиесіндегі жүргенсіздіктің орын алшуына ықпал етті. Осындай сын - қатерлерді түбірімен жою мүмкін емес, дегенмен оған тосқауыл болу қажет. Сол себепті ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, ұлттық мүддені жоғары қоятын, өзінің туған, жерін, Отаның қадірлейтін және оның әрі қарай дамуына серпін беретін, терең білімді, озық ойлы, адал және ұлттықболмысы айқын тұлға тәрбиелеу мәселесі өзекті.

  Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Адам жанын игілікпен, ізгілікпен қуаттандырып, адами құнды қасиеттерменқанаттандырады. Ал, қазіргі уақыт – өзгермелі әлемдегі жасампаз ұрпақтың дәуірі. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Ұлағатты ұрпақ ұлттың сапасын құрайды. Ал ар-ұят, намыс, адалдық, отаншылдық, жауапкершілік, әдептілік пен инабаттылық, мейрімділік пен бауырмалдық, отпасына сүйіспеншілік, үлкенге құрмет, кішіге ізетті болу қасиеттері берік қалыптасқан жасампаз азаматты тәрбиелеу маңызды. Еліміздің өркендеп дамуы үшін халқын сүйетін, мемлекет мүддесін жоғары ұстайтын, білімді де адал ұрпақ тәрбиелеу аса өзекті мәселелердің бірі ретінде үнемі назарда ұстауды қажет етеді. 

  Аталған мәселелерді шешуде тәрбие мазмұнынайқындау «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» ( бұдан әрі – Бағдарлама ) әзірлеудің өзектілігіне негіз болды. Бағдарламада ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, ел бірегейлігін нығайтуға, әділеттіқоғам құруға қабілетті білімді, адал ұрпқты тәрбиелеуді көздейді.

Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері:

    Тәрбие мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардыбойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттікпарызын өтеуге тәрбиелеу.
  2. Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін,  мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.
  3.  Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейрімділік, қамқорлық пен әділдік қасиет терен жоғары ұстауға баулужәне құқықтық мәдениетің қалыптастыру.
  4.  Денсаулықты қадірлнуге, саплауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығы және эмоцианалдытұрақтылыққа баулу.
  5.  Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімдіқолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.

Күтілетін нәтиже:

  1. Ата- анасын сыйлайдыперзенттің парызын тың түсінеді, жеті ата тектілік ұғымдарының маңызын бағалайды, отбасытатулығы мен берекесін қадірлейді.
  2.  Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл,халқына адал қызмет етуді,елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышты деп санайды және ұлттық мемлекетті құрметтейді, салт-дәстүрлерді біледі, оны сақтайды.
  3. Әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді , сөзіне берік , ісіне адал,кішіге ізет,үлкенге құрметкөрсетеді,ар-ұятты бағалайды.
  4. Жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді.
  5. Тұратын үйін,ауласын,қаласын таза ұстайды,қоғамдық орынға және шағын ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оның бірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды.


Сынып сағаттары: «Ар-ұят және жауапкершілік», «Біздің қоғамдағы әділеттілік», «Іс-әрекеттегі мейірімділік», «Мейірімділік құндылығы», «Күнделікті өмірдегі адалдық», «Отаншылдық және оның мәні», «Біздің қоғамдағы азаматтық жауапкершілігіміз», «Еңбекқорлық және оның табысқа әсері», «Денсаулық және дұрыс тамақтану мәдениеті», «Зиянды әдеттер және олардың денсаулыққа әсері», «Құқықтық мәдениет және оның маңызы», «Қазіргі әлемдегі цифырлық сауаттылық». 

Әлеуметтік тәжірбиелер,жобалар: «Еңбегі адал жас өрен», «Жеткіншектің жеті жарғысы» , «Балалар кітапханасы», «Ұлттық мектеп лигасы», «Қайырымдылық», «Қарияға қол ұшын соз», «Таза аула» , «Жасыл мектеп», Экологиялық мониторинг», «Мектептегі энергияны үнемдей», «Судың да сұрауы бар», «Қол өнер шеберханасы», «Мектеп қабырғасындағы бизнес», «Тарихқа құрмет», «Менің отбасымның өмірлік жолы».


https://www.instagram.com/p/Cw8AuTxNLDa/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==


                 Директордың тәрбие ісі жөнінднгі орынбасары  З.Ошакбаева

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив